Бүгін, 13 маусымда Қызылордада медицина қызметкерлерінің күні салтанатты түрде аталып өтілді. Сала үздіктері қызметкерлері 1 миллион теңге сыйақымен марапатталды.
Қазір елімізде медицина саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Жүрекке ашық ота жасаудан әлемде үздік төрттіктің қатарындамыз. Сыр өңірінде де толымды тірлік атқарылуда. Соңғы үш жылдың өзінде жаңадан 39 нысан ашылды. Тағы 40 денсаулық сақтау ғимаратын салу жоспарда бар. Антына адал жандарды төл мерекелерімен аймақ басшысы құттықтады.
– Денсаулық саласының жұмысын жандандыру үшін жол картасы жасалды. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Қазір ауылдық жерлерде амбулатория салып, медициналық орталықтарды соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудеміз. Бұл адам өмірін ұзарту үшін жасалып жатыр, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, өңір басшысы сала үздіктерін ҚР Премьер-министрінің «Алғыс хатымен», Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен және «Алғыс хатымен» марапаттап, үздік маман номинациясы бойынша 10 қызметкерге 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Салтанатты шара Қазақстан эстрада жұлдыздарының ән кешімен жалғасты.