Бастысы – елдің тыныштығы

Бүгінгі жаңалықты естіп, тәуелсіз қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне біраз ой жүгірттім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін тыңдап, көңілге түйген көп нәрсе бар. Ел тыныштығы ең басты орында. Бұл үндеу еліміздің бағытын айқындай түсетін тарихи жағдай.

Өзім Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Ресей тәрізді мемлекеттерде болып, ондағы қай саланың болмасын, дамуын біздің елмен салыстырып көрдім. Ендігі жерде осы ынтымақты сақтай отырып алға қарай адымдай беру біздің асыл мұратымыз болмақ.

Президент сайлауы әділ әрі үлкен ұйымшылдықпен өтеді деп сенеміз. Қазақстан – әлем назарында. Сол себепті, қазақстандықтар бұл сайлауда да өзінің мызғымас бірлігін көрсетеді деп білемін.


Зұлпыхар СЫЗДЫҚОВ,

«Заман ата» шаруа қожалығының төрағасы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2019 г. 782 0