Қызылордаға ҚР Премьер-министрінің орынбасары жұмыс сапарымен келді

Бүгін өңірге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова келді, - деп хабарлайды syrboyi.kz.

 Алдымен Гүлшара Наушақызы көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. «Бәйтерек» шағын ауданындағы тұрғын үйлер көпбалалы отбасыларға арналған «Баламекен» жобасы негізінде салынған. Сыр өңірінде аз қамтылған және көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен қайырымдылық қорының көмегі арқасында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Баспаналар бюджеттен - 50 және қор есебінен 100 отбасыға салынбақ.

Мұнан кейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар Үкімет делегациясы «Достық үйінде» облыс тұрғындарымен кездесті.

Мұнан кейін Гүлшара Наушақызы «Жан-Арай-Жем» ЖШС, «Ақмешіт» колледжі, қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметімен таныспақ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2019 г. 273 0