
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі үндеуі еліміздің болашағы және әрқайсымыз үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымы күні өткізу туралы шешімді Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен, Парламенттің қос палатасы спикерлерімен, Премьер-министрмен кеңесіп, конституциялық кеңестің келісіміне жүгініп, жауапты шешім қабылдағаны туралы баяндай келе, Елбасының арқасында тәуелсіз қуатты ел құрдық деп атап өтті. Әрине, бұл ақиқат.
Бұл тарихи кезеңді біз түсіністікпен қабылдап,өте дұрыс шешім деп санаймыз. Халқымыздың біртұтастығы тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы сайлауда осыған дәлел болатынына біз сенеміз. Біздің Елбасы салған сара жолымен жүруіміз негізгі міндетіміз. Біз алдағы сайлауға әрқайсысымыз жауапкершілікпен қараймыз.
Райхан ЫСҚАҚОВА,
ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік
басқару академиясы республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қызылорда
облысы бойынша филиалы директорының
міндеті атқарушы, облыстық мәслихат депутаты.