Маңызды әрі қажетті шара

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған үндеуінде кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Бұл шешім - бүгінгі таңда маңызды әрі қажетті шара деген пікірдемін. Сайлаудың болғаны дұрыс. Транзиттік кезең сәтті аяқталып, президент міндетін тұрақты атқаратын адам сайланғаны жөн.

      Сондықтан да әрбір қазақстандық саналы түрде сайлауға қатысуы қажет. Сайлау менсіз де өтеді деген оймен сырт қалуға болмайды. Өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, елдің бірлігін сақтайтын, Қазақстанның одан әрі өркендеуіне жұмыс істейтін адамды таңдап дауыс беруі тиіс.

   Президент үндеуінде алдағы сайлауға Қазақстан халқын барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры халықтың шешіміне тікелей байланысты екенін айтты. Олай болса,  еліміздің болашағы үшін маусым айының 9-нда біріміз қалмай сайлау учаскелерінен табылайық.

Райкүл БАЙНАЗАРОВА,   

"Қазақстандық салалық білім және 

ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы"

 Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің 

төрағасы, облыстық мәслихат депутаты.



 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2019 г. 738 0