Аграршыларға арналған Сall Center жұмыс істейді

Ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне агробизнестің озық технологияларына жаппай білім беру жүйесін енгізу үшін бүгінгі күні «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің негізінде (бұданәрі – ҚазКШҒЗИ) «Қызылорда» білім тарату орталығы (бұдан әрі – ҚБТО) қызметі жұмыс жасайды. 

Жоғарыда аталған жұмыс аясында агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне ақпараттық және кеңес беру қызметтерін көрсету мақсатында институттың тұрақты кеңес беру орталығы – Сall Center ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Сall Center – агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өкілдері және т.б.) дамыған және енгізілген технологиялар мен ауылшаруашылық перспективалық бағыттардың дамуына білікті кеңес беру көмегі көрсетіледі.

Кез келген адам келесі мекен-жай бойынша: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 25-Б, 4 қабат, №405 кабинетке тікелей келіп немесе +7 (7242)-23-02-24 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ centre.kazniir@mail.ru электронды почтасына хат жолдап біле алады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 712 0