Кәрім Мәсімовтің әкесі қайтыс болды

Қазақстанның агроөнеркәсіп палатасының басшысы әрі қоғам қайреткері Қажымқан Мәсімов қайтыс болды деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

18 сәуір күні Қажымқан Мәсімов 80 жасқа толатын еді. Қоғам қайраткерінің қонақасы бүгін, Алматыдағы Қабылдау үйінде сағат 20:00-де берілетін болады (Назарбаев-Құрманғазы көшелерінің қиылысында). Кәрім Мәсімовтің әкесімен қоштасу рәсімі Ғалымдар үйінде ертең сағат 10:00-11:00 өтеді. Артынша сағат 13:00-те Қабылдау үйінде ас беріледі.

Қажымқан Мәсімов үш институтты тәмәмдаған. Омбылық темір жол, Павлодардағы индустриалды және Алматыдағы дене шынықтыру білім ордаларының түлегі болып табылады.

Оған қоса, ол Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясындағы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры. 2016 жылдың қарашасында Қажымқан Мәсімов "Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіп палатасының" президенті болып тағайындалды.

Сонымен қатар, ол "Мәсімов сауықтыру орталығы" ЖШС директоры және Қазақстан йога ассоциациясының президенті қызметін атқарды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 569 0