« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында А.Чеховтың «Күзгі раушан гүлдері» драмасының премьерасы өтті.
Өмірдегі сан қилы қиындықтарға төтеп беруге бәрінің шамасы келе бермейді. Жүрек түкпірінде жатқан, ешкімге айта алмайтын сырлар мен мұңдар, көрсетуге қауқарымыз жете бермейтін сезімдер әрбіріміздің бойымызда бар екені жасырын емес. Жауапсыз махаббат... Демалысқа шыққан профессор Александр үшін бар уақытын арнаған бірінші әйелінің қызы Софья мен әйелінің інісі Иванның бақытсыздығы. Бір қарағанда түсініксіз болып көрінетін қойылымның астарында өмірдің ащы шындығы бейнеленген.
Сырым Әбдіразақов,
(Иван Петрович, профессордың бірінші әйелінің інісі ролін сомдаушы):
– Бүгін көптен күткен премьерамыз халыққа жол тартты. Екі жарым ай бойы дайындалдық. Орыс классигі Антон Чеховтың шығармасында ойнау батылдықты талап етеді. Қазақстан бойынша бұл Дядя Ваня үшінші рет сахналанып тұр. Кеңес өкіметі кезінде бұл рольді Әнуар Молдабеков сомдады. Одан кейін бір жарым айдың көлемінде Әуезов театрының жастар труппасы қойды. Міне, бүгін Сыр елінде көрерменге ұсынылды. Әр рольдің өз ауыртпашылығы бар. Осы роль мен үшін ерекше болды. Театрда жүрген 16 жыл ішіндегі ешбіріне ұқсамайтын роль болды деп есептеймін.
Қойылымның режиссері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі Хұсейн Әмір-Темір. Актерлардың шеберлігі, рольді жан дүниесімен сезіне отырып ойнауы көрерменді тәнті етіп, зор қошеметке бөледі.
Мәдина ЖҰМАДІЛДЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |