«Қайсар» Семейде тең түсті

Семей. Қызылорданың «Қайсары» 23 қазан күні Семейде жергілікті «Спартакпен» кездесті. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 
Жерлестеріміз Премьер-лигаға берілетін жолдама тағдырын үш тур бұрын шешіп қойғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Осыған қарамастан қызылордалық футболшылар кездесуде қарсыластар қақпасын жиі торуылдады. «Қайсардың» словениялық жартылай қорғаушысы Борут Семлер 52 минөтте өз командасын алға шығарды. Оған жауап добын 73 минөтте семейлік футболшы Азат Ерсәлімов соқты. «Қайсар» келесі ойынын 26 қазан күні сырт алаңда Екібастұз қаласының «Екібастұз» командасымен өткізеді.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2013 г. 947 0