« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы және «Абзал и К» ЖШС ұйымдастыруымен аймақта «Эко интеллект» жобасы басталды.
Бұл жобада қатысушылар қаладағы тарихи ескерткіштерді көркейту, тазалау жұмыстарымен айналысып, сондай-ақ қазақ тарихымен тереңірек танысатын болады. Жобадағы алғашқы нысан – Келменбет батыр саябағы. Қатысушылар бірінші кезеңде батыр атындағы саябақтың аумағы мен ескерткішті тазаласа, екінші кезеңде батырдың өмір жолы кеңінен насихатталды. Мұнан соң интеллектуалды сайыс ұйымдастырылып, қатысушыларға еліміздің тарихы мен батыр өмірінен сұрақтар қойылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Zhekas doner» асханалар желісінен 5000 теңге көлемінде тегін тамақтануға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды.
«Эко интеллект» жобасы алдағы уақытта басқа да тарихи ескерткіштерде жалғасын таппақ. Жасотандықтар игі бастамаға қала тұрғындарын белсене қатысуға шақырады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |