Жасөспірімге сыра ішкізіп жазаға тартылды

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 112 бабымен Н.Макеновтың әкімшілік ісі қаралды.
Құқық бұзушы Н.Макенов кәмелетке толмаған А.Төлендиевті мейрамханаға шақырып, сыра алкогольді ішімдігін ішкізіп, мас күйіне жеткізген. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған А.Төлендиев жеңіл дәрежеде мас күйінде болған.   
Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйіне дейін жеткізу айлық есептік көрсеткіштің 20-дан  50-ге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады. Кәмелетке толмағанды мас күйіне дейін жеткізген Н.Макеновке сот қаулысымен 34 620 теңге айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енбеген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2014 г. 868 0