Жалағашта атаулы көмек алушылар азайды

Жалағаш ауданында биыл 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 10-ға (34 адам) 446,5 мың теңгеге азайған.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдем ақысын алушылар саны 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 285 отбасыға, 831 балаға 4598,9 мың теңгеге азайған. Тұрғын үй көмегін алушылар саны 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102 отбасыға, 503 адам 1273,8 мың теңгеге азайған. Бұл жұмыстар шағын кәсіпкерліктің дамуынан жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуының нәтижесі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 маусым 2014 г. 707 0