«Fly Dubai» компаниясы Дубай-Шымкент әуе рейсінің неліктен тоқтап қалғанын түсіндірді

«Fly Dubai» әуе компаниясы Дубай-Шымкент-Дубай рейсінің неліктен орындалмағанын түсіндірді. Бұл жайында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Fly Dubai» әуе компаниясының ақпаратына сәйкес,  2019 жылғы 2 сәуірде әуе компаниясының Дубай-Шымкент-Дубай бағытындағы FZ 738/739 рейсі Шымкент қаласының халықаралық әуежайынан 2019 жылғы жазғы навигацияға арналған слотты нақтылаудың болмауы себебінен орындалмаған», - делінген таратылған ақпаратта. Ведомство мәліметінше, аталған рейстің барлық жолаушылары қонақ үйге орналастырып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Дубайдан ұшып кететін барлық жолаушылар Шымкентке рейсті Нұр-Сұлтан, Алматы, Бішкек және Ташкент арқылы қайта броньдады. Шымкенттен ұшып келмеген жолаушыларға қонақ үй және басқа қалалар арқылы ұшу мүмкіншілігі ұсынылды. «Fly Dubai» әуе компаниясы келіп түскен сұраныстарға байланысты туристік оператордың БАӘ-де болуына қатысты қосымша шығындарын өтейді», - деп атап өтеді комитеттен. Бұған дейін Дубай әуежайында 80 қазақстандықтың елге ұшатын рейстен түсірілгені хабарланған еді.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2019 г. 729 0