Сырдариялық оқушылар үздік көрсеткішті бағындырды

Мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасынан Қызылорда облысының құрамасы аймақтар арасынан ІІ орынды иеленсе, аудандар арасынан Сырдария ауданының оқушылары облыста үздіктер көшін бастады.
Ағымдағы жылдың 25-30 наурыз күндері аралығында Қызылорда қаласында өткізілген республикалық олимпиадада сырдариялық 3 оқушы жеңіс тұғырынан көрінді.
Республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша Тереңөзек кентіндегі №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Еркебұлан Сағатбаев (мұғалімі Есбаева Роза ) "Орыс тілі мен әдебиеті" пәнінен ІІ дәрежелі диплом иеленіп, күміс медальмен марапатталды.  
Сонымен бірге, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Жібек Өмірбекова (мұғалімі Шакизадақызы Жанар) "Құқық" пәнінен ІІІ дәрежелі диплом және қола медаль еншіледі.
Ал, Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Назым Серікбаева (мұғалімі Аусымбаева Марияш) "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінен «Үздік шығарма» номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан көрінді.
Республикалық олимпиада жеңімпаздарын бүгін аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева қабылдап, білім биігін бағындарған оқушыларға игі тілегін жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2019 г. 563 0