Аудан әкімі жүлдегерлерді құттықтады

Қызылорда қаласында 2019 жылдың 25-29 наурызы аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Республикалық пән олимпиадасы өткен болатын.
Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев аталған білім додасында жүзден жүйрік шығып жүлдегер атанған №14 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Жанерке Жеткергенованы және №64 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Динара Дүзбаеваны құттықтады. Оқушылардың осындай жетістікке жетіп, білім нәрімен сусындап өсуіне септігін тигізген ұстаздарына ризашылығын білдірді.  
Атап айтсақ, республикалық пән олимпиадасы нәтижесі бойынша Жанерке Жеткергенова орыс мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша І орын иеленіп, медаль, дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім гранты иегері атанды.
Динара Дүзбаева Республикалық олимпиаданың І, ІІ кезеңдерінің жүлдегері атанып, қорытынды кезеңде «Құқық» пәні бойынша ІІІ орынға ие болып, медальмен, дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды. 
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2019 г. 623 0