«Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өткізілуде

«Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өткізілудеҚызылорда. Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен бүгінгі күндері «Шенеунік және кәсіпкер» атты акциясы өткізілуде. Бұл акция үстіміздегі жылдың 21 қазан мен 5 қараша айлары аралығында жүргізіледі.
Акция барысында прокуратура органдарымен күнделікті кәсіпкерлерді жеке қабылдау жүргізіліп, өтініштері қаралады. Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғауға байланысты тексерулер жүргізу, кәсіпкерлікке немесе олардың қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамалар зерделеумен тиісті шаралар қолдану тағы басқа да шаралар жүзеге асырылуы көзделуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектерді назарларына жеткізу, бақылау және қадағалау заңнамалары талаптарын қолайлы түсіндіру, кәсіпкерлерге қатысты туындаған проблемалық мәселелерді оңтайлы шешу болып табылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қазан 2013 г. 1 145 0