ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байқожаев, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Шынтасов, «InCraft» компаниясының аға менеджері Г.Әскербайдың қатысуымен №278 орта мектепте мектеп директорлары, балабақша меңгерушілерімен кездесу өтті.
Кездесуде Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған jumys.setcen.kz пилоттық жобасы таныстырылып, оның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы маңызы жайлы айтылды.
Өткен жылдың қараша айынан бастап Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында осы пилоттық жоба бойынша 37 маман жұмысқа қабылданған. Оның 25-і педагог, он екісі кіші қызметкерлер. Кездесуде саладағы бос ваканциялар жайлы халықты уақытылы құлақтандырып, өтініштерін қабылдап, жұмыс іздеушілердің деңгейін тест арқылы тексеретін жобаның тиімділігі жайлы кеңінен түсіндірілді.
Аружан МАХМУД,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4-курс студенті.