«Жаужүрек Ертұғырыл» сериалының режиссері «Қасым хан» фильмін түсірмек

«Қазақфильм» киностудиясы «Қазақ хандығы» телехикаясының жалғасы ретінде  «Қасым хан» фильмін түсірмекші. Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Жаужүрек Ертұғырыл» сериалын түсірген түрік режиссері  Метин Гюнай. Сериалда Қасым ханның өмірі мен ел басқарған жылдары көрсетілмек.

Осы жобаға қатысу үшін ел арасында кастинг жариялаған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша іріктеуге алғашқы кезде күніне 500-ден аса адам келіп,электронды почтаға 9000-дай өтінім түскен. 3 кезеңнен тұратын кастинг Қазақстанның  24 қаласында өтеді. Алматы қаласынан бастау алған кастинг Қызылорда қаласында дажалғасты. Əуелі театр əртістері іріктелді, сонан соң Асқар Тоқмағанбетов атындағы  облыстық мәдениет үйінде қала тұрғындарының  қатысуымен өтті. Кастингге көбіне 15 пен 35 жас аралығындағы жастар келген.


Аружан МАХМУД,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4 курс студенті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 сәуір 2019 г. 788 0