Шиеліде «Самғау» оқу орталығы ашылды

Кеше Шиелі ауданында «Самғау» оқу орталығы пайдалануға берілді. Білім беру нысанының ашылу рәсіміне аудан әкімі Әшім Оразбекұлы қатысты.
Оқу орталығының негізі 2013 жылы «ИНГЛИШ ОРЛД» орталығы ағылшын тілін үйрету курсы ретінде бастап, ай сайынғы оқушылардың көбеюіне байланысты бірнеше топ ашылып, мұғалім саны артып, бүгін, міне, үлкен 2 қабатты ғимарат бой көтерді. Оқу орталығының ғимараты 30 млн теңге көлемінде жеке кәсіпкердің қаржысына салынып отыр.
«Самғау» оқу орталығы - өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ақылды да алғыр бәсекеге қабілетті үш тілді меңгерген азамат даярлап шығатын заманауи техникамен жабдықталған білім ордасында оқытушылар саны -15 болса, 250 оқушы білім алуда.
Оқу орталығында бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына математика, ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі, көркем жазу, оқу техникасы, сабақтары оқытылса, 5-6 сынып оқушыларын Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім инновация лицейі, Дарын мектебіне дайындайды. Мектеп бітірушілерге ҰБТ пәндеріне қосымша дайындық жүргізіледі.
Сонымен қатар, орталық тарапынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тегін оқытып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан балаларды жеңілдікпен, демеушілердің есебінен оқытуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2019 г. 861 0