«БАУЫРСАҚ PARTY» – НАУРЫЗ ТАРТУ (ФОТО)

Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп қауымдастығы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауда.
Оқушылар мен қызметкерлер концерттік бағдарламаның соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатса, ата-аналар қауымы қазақ халқының ұлттық тағамы бауырсақ пісіруде белсенділік танытты.
Аналар қазанға май қыздырып, қамыр жаюдан шеберліктерін көрсетсе, әкелер қазан-ошақ жайын қамдады.
Жанару мерекесі аясында ұйымдастырылған «Бауырсақ party» шарасында 200 келідей бауырсақ пісіріліп, ыстықтай үйлестірілді.
Барлығы 1000-ға жуық оқушылар, мұғалімдер мен мектептің қызметкерлері «ас атасынан» дәм татып, ата- аналардың мерекелік тартуына ризашылығын білдірді. 

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2019 г. 625 0