Бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті

Өңірде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына қарасты 272 бастауыш партия ұйымы бар. Оған 51 мыңнан астам партия мүшелері топтасқан.Олар елорда атауының өзгеруін толық қолдап отыр.

Айт кету керек «Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» атты ұранмен өткен форумға 300-ге жуық нұротандық қатысты. Олар еліміздің Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына сіңірген еңбегін жан-жақты саралап,кешегі Астананың шағын қалашықтан, әлемдегі алдыңғы қатарлы қалалар санатынан орын алуы ТұңғышПрезидент идеясының жемісіекенін айтты.Сондықтан, елордаға Елбасы есімін беру, «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту тарихи және әділ шешім дейді олар.

-Бұл шешімді тарихи әділеттілік және Елбасының Тәуелсіз Қазақстан мен елордамыздың қалыптасуына сіңірген ерен еңбегіне деген зор құрмет ретінде қабылдаймыз. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президентіміздің есімі әрдайым мемлекеттілік, егемендік және Тәуелсіздік сияқты аса маңызды құндылықтармен бір қатарда тұруы тиіс,- деді Сырдария ауданына келген «Ақжарма и К» шаруа қожалығының директоры, «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының партиялық топ жетекшісі Қайрат Нұрсейтов.

"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жаңа астана еліміздің барлық аймақтарын стартегиялық тұрғыда біріктіре отырып, оңтүстіктен солтүстікке жаңа демографиялық көш түзегендігін және бұл жетістіктер  

Елбасының бастамасымен стратегиялық тұрғыда жоспарланып, жүзеге асырылғандығын ерекше атап өтті.

     Ал, облыстық мәслихат  хатшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесі бюросының мүшесі, облыстық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасыНаурызбай Байқадамов тәуелсіздік жарияланып, деребес ел ретінде құрылуымыз сын сағатына түскен сәттен бергі Тұңғыш Президентіміздің саясаткерлік қырыларын тізбектеп еске салды.

     Жиында ортақ ой, келелі пікір айтушылар аз болмады. Мәселен, партия ардагері, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты ел арасында, әлеуметтік желілердегі түрлі пікірлердің болу себебі – мәселенің парқын терең түсінбей,жан-жақты зерделемей, ақыл мен парасатқа жүгінбей, тек эмоцияға берілу деп түсінетіндігін жеткізді.

          

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2019 г. 416 0