| « Мамыр 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | ||||
| 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
| 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
FlyArystan әуекомпаниясы Алматы-Тараз және Алматы-Орал бағытындағы билет құны жайлы айтты. Әуекемелері 1 мамырдан бастап қатынай бастайды, - деп хабарлады BAQ.kz.FlyArystan әуекомпаниясының Алматы-Тараз бағытындағы алғашқы рейсі 1 мамырға жоспарланған. 60 миниутты құрайтын сапардың бір жақты билеті 4999 теңгеден басталады, сондай-ақ оған әуежай алымдары қосылады.
Мамандардың айтуынша, күнделікті рейсте 180 орынды соңғы заманауи Airbus A320 ұшақтары қызмет көрсетеді. Әуекомпания Алматы-Тараз бағытында бір жылда 130 мың жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.
«Біздің басты мақсатымыз халыққа қолжетімді, әрі жайлы сапар шегу мүмкіндін сыйлап, тарихы мен мәдениеті бай өлкемізді жан-жағынан ашып көрсету. Бұдан былай отандастарымыз FlyArystan арқылы Қазақстан ішінде жеңіл қатынап, жақын туыстарына жиі қонаққа барады деген үміттеміз. Ал кәсіпкерлер серіктестерімен байланысты лезде орнатып, жолға алтын уақыттарын жоғалтпай, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен қатынау арқылы екі қаланың арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайта түседі», - дейді әуекомпанияның сату мен маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.
2 мамырдан бастап әуекомпания Алмат-Орал бағытындағы екінші рейсін іске қосады. Оның да билеттері сатылымға шығырылған, бір бағытқа ұшу құны 12 999 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның flyarystan.com ресми сайтынан алуға болады.
| « Мамыр 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | ||||
| 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
| 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |