Меморандум - мүмкіндік кепілі

Облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті мен «Облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі өзара меморандум қабылдады. Ол бойынша тараптар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларын бірлесе жалғастыруға уағдаласты.

Департамент басшысы Төреахмет Жолымбетов 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап кедергісіз орта қалыптастыру міндеттелгенін жеткізді.

– Мәселеге байланысты қоғамдық бақылауды күшейтуде, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріндегі қолжетімділігін қамтамасыз етуде азаматтық қоғам институттарының ролі ерекше, – деді Т.Жолымбетов.

Жиында департаменттің бөлім басшысы Болат Нақыпов осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізілген профилактикалық бақылау шараларының нәтижесімен таныстырды.

– Облыстағы 10 объект бойынша 50 заңбұзушылық анықталып, субъект басшыларына оларды жою жөнінде ұйғарымдар берілді, – деді ол.

Сонымен қатар, сала өкілдері арнайы санаттағы азаматтардың мәселелеріне зер салып, сұрақтарына жауап берді.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2019 г. 331 0