Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.
 "Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшісі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.  Әділ Тұрсынов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2001 жылы - СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. 1994 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Үндістан мен Әзірбайжандағы елшіліктің хатшысы, СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, сондай-ақ Сингапурдағы кеңесші-уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді. 2008 жылы Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды. 2009-2016 жылдар аралығында СІМ Еуропа департаментінің директоры, Грузиядағы кеңесші-елші, кейіннен СІМ ТМД департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2016 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Дереккөз: 
tengrinews.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2019 г. 329 0