Қызылордалық полицейлер ғасыр жасаған қарт аналарды құттықтады

Қазыналы қартын сыйлаған ұлттың ұрпағы тәлімі мол өнеге алып келеді. «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» көрсету мақсатында көктемнің мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Сазды ауылдық округінің тұрғындары 110 жасқа толған Ақжанай Танымбетова және Аралқұм ауылдық округінің қарт тұрғыны 103 жасқа толған Тәжігүл Еңзепова әжейге құрмет көрсетіп, шаңырақтарында болып арнайы құттықтап қайтты.  
Қос ғасырдың, үш дәуірдің куәгерлері ендігі жерде тәуелсіз Қазақстанда әрдайым бейбітшілік болғанын тілеп, тәртіп сақшыларына ақ батасын берді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2019 г. 916 0