« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі таратқан жадынамада М1, М2, М3 санатындағы көлік құралдарын отыратын орындықтарды орнатумен байланысты қайтадан жабдықтау жүргізілген жағдайда пайдалануға тыйым салынғандығы көрсетілген.
Сондай-ақ, жадынамада көлік құралының барынша ұзындығы, ені және биіктігі Техникалық регламентте көрсетілген талаптардан аспауы тиіс делінген.
Сонымен қатар, көлік құралының конструкциясымен көзделген қауіпсіздік белдіктерін қайтадан жөндеуге немесе оларды мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі жоқ жағдайға келтіруге жол берілмейді.
Осылайша, М1, М2, М3 санатындағы көлік құралдары оның ішінде лимузиндер Техникалық регламент талаптарын бұза отырып, көлік құралдары базалық мөлшерінің габаритін өзгерту, қосымша орындықтар орнату, қауіпсіздік белдіктерін қайтадан жөндеу жолымен қайтадан жабдықталған көлік құралдары Қазақстан Республикасының жолдарында пайдалануға жатпайды.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу себептерін жойғанға дейін мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін алу жолымен көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |