"Қайсар" "Шахтермен" тең түсті (видео)

"Қайсар" "Шахтермен" тең түсті (видео)Қазақстан Премьер-лигасындағы екі апталық үзілісті пайдаланған Қызылорданың "Қайсары" бұл күндері Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын аясында қызылордалықтар Қарағандының "Шахтерімен" жолдастық кездесу өткізді.
Алматының "Динамо" стадионында өткен ойында "Қайсар" әр таймға әр құрамын шығарды. Алматыдағы ауа-райының футболшылар үшін аса қолайлы бола қоймағанына қарамастан матч өте тартысты өтіп, командалар жанкүйерлеріне керемет әсер сыйлады. Көрермендер әсіресе "Қайсардың" қарқындылығын атап өтіп, қызылордалықтардың белсенділігіне сүйсініп тарқасты. 
Әйтседе, есепті бірінші болып қарағандылықтар ашты. Бірінші таймның белортасында гол соққан Евгений Тарасов. Бірақ екінші таймда "Қайсар" ойын тізгінін толығымен өз қолдарына алып, Душан Савич қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін де гол соғатын мүмкіндіктеріміз болғанымен футболшыларымызға сәттілік жетіспей жатты. Енді келесі ойынын "Қайсар" Қазақстан чемпионатының 16-туры аясында Павлодарда "Ертіске" қарсы өткізеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2014 г. 783 0