НАИБ МҮФТИ АЛАУ ӘДІЛБАЕВ СЫР ЖАСТАРЫМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Тәрбие. Білім. Жастар» тақырыбында студент жастармен еркін кездесу өтті.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада өткен кездесуге ҚМДБ-ның Төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл Болатбек Ұласқанұлы, Қызылорда облыстық «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі С.Әбіл, облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары, қалалық оқушылар мәслихатының депутаттары, белсенді жастар, «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ және «Болашақ» университетінің студенттері қатысты.

Еркін сұхбат форматында өткен кездесуде наиб мүфти Алау Шайқымұлы ислам дініндегі білім, ғылым меңгерудің маңыздылығына тоқталып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кәрілік жетпей тұрып, жастық шақтың қадірін білгендерге құрметі қандай болғанын баяндады. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»-деп, Әл-Фараби бабамыз айтпақшы, адамға ең бірінші имани тәрбиені бойға сіңіру керектігін түсіндірді. Сұхбат соңында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2019 г. 566 0