Сараптама қызметінің сарабы

 Сенбі күні өңірімізде Сараптама ұйымдары палатасының жиыны болып өтті. Өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарын жасауды мақсат еткен жиынға аккредиттелген сараптама ұйымдары кәсіптік бірлестігінің құрамы толық қатысты.

Атап айталық, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жаспарының 47-қадамына сәйкес, құрылыс жобаларына сараптау жүргізуді 2020 жылға дейін толығымен бәсекелестік ортаға бере отырып, мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту тапсырмасы бүгінде жүзеге асуда. Соған сәйкес 2016 жылы «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен 2016 жылдың ақпан айында «Сараптама ұйымдарының палатасы» атауымен аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігі ретінде құрылған болатын. Бүгінде бұл палатаға еліміздің барлық аймағы бойынша 117 аккредиттелген сараптама ұйымы мүше. Оның ішінде Қызылорда облысынан 6 ұйым палата қатарында жұмыс жасауда.

Жиын барысында Сараптама ұйымдары палатасы басқарма төрағасы  Бірлік Ережепов құрылған сәттен бастап атқарылған жұмыстар мен нәтижелерге сараптама жасай отырып есеп берді. Атқарылған жұмыстар, өзекті мәселелер, алдағы жоспар жиын барысында түгел қамтылды. Сонымен қатар ревизиялық комиссияның, сараптамалық және тәртіптік кеңесінің, өңірлерлердегі өкілдердің, рейтингтік комиссияның есебі тыңдалды. Жиында атқарылған жұмыс та, сын да айтылмай қалмады. Мұндағы мақсат – Елбасы тапсырмасына сәйкес сараптама қызметінің бәскелестік ортаға сай болуы, мінсіз қызмет атқаруға дайын болуы. Палата басқармасы тұрақты түрде өзіне мүше ұйымдардағы мамандар мен сарапшылардың біліктілігін көтеру мақсатында жыл сайын осы саланың әр бағыты бойынша семинарлар мен курстар өткізіп келеді. Мамандарға көмекші құрал ретінде 12 әдістемелік жинақ дайындалуы да сапалы жұмыс жолындағы еңбек нәтижесі.

Жиын түйінінде қатысушылар бүгінгі шараны ұйымдастырған сырбойылықтарға, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы орта жасап отырған облыс әкімдігінің бастамасына ризашылықтарын білдірді.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

«Сыр бойы»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2019 г. 460 0