Қызылордалық гимнасшылар 12 медальмен оралды

Қызылордалық гимнасшылар 12 медальмен оралдыЖамбыл облысында көркем гимнастикадан өткен ашық чемпионатта Сыр елінің гимнасшылары 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен оралды. 
Аталмыш біріншілікке Алматы қаласы, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан   200-ге жуық гимнастшылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 
Сайыс қорытындысы бойынша жекелей көріністе Құралай Сапар, Гүлден Бердібек (екеуі де 2006 ж.),  Дана Садықова (2004 ж.), Мәриям Тұрғанбай (2007 ж.) бас жүлдені жеңіп алды. Ал топтық көріністе 2004-2005 жылы туылған спортшылардың мерейі үстем болды. Жекелей көріністен Айжан Қуандықова (2003 ж.), Ольга Тян, Динара Шамсудин (екеуі де 2007 ж.) және 2001-2002 жылы туылған спортшылар топтық жаттығудан күміс жүлдені иеленсе, Диана Қанатбек, Толқын Әбдиева (екеуі де 2001 ж.) және  2007 жылғы туылған спортшылар топтық көріністен  үштікке ие болды. 
«Алда Алматы қаласында көркем гимнастикадан  халықаралық жарыс өтеді. Әзірге спортшылар сол сынға дайындалуда» деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2014 г. 836 0