Мешіттегілер аттестация тапсыруда

Өңірімізде барлық мешіт қызметкерлері аттестациядан өтуде. Бес жылда бір рет өтетін бұл шара имамдардың білімін көтеруді мақсат еткен.

– Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша имамдардың білімін жетілдіру мақсатында аттестация өтуде. Осыған орай біздің облыстан 240 діни қызметкер тест тапсыруда. Оған қала, аудан, ауыл имамдары, найб имамдар, азаншы, ұстаз қатысады. Сынақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші, компьютер арқылы 120 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Тесттен өткендер ауызша кезеңге қатысады. Өте алмай қалғандар бір ай мерзімде қайта тапсырады. Ал, үздік шыққандар республика бойынша 500 зияткер имамның қатарына енеді. Оларға жоғары деңгейде қызмет атқаруға жол ашылады,– дейді ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Қажы Ұласқанұлы.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2019 г. 347 0