Дін өкілдері тәжірибе алмасты

 Облыстық ішкі саясат бас­қар­масының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйым­дас­­тыруымен «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚМДБ наиб мүф­тиі Алау Әділбаев, Экстре­мизмнің алдын алу сала­сын­дағы мамандарды қайта даяр­лау институтының директо­ры Асқар Сабдин, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұр­сұлтан Жаншин, Жамбыл об­лыстық дін істері бас­қар­масы мен дін проб­лемаларын зерттеу орталығының ма­ман­дары Самғат Мутанов, Таңат Тілманбетов және Түр­кістан облыстық дін істері басқармасының өкілдері Мұрат Мұстафаев және аймақтағы теолог мамандар мен ақпараттық түсіндіру топ мүшелері мен имамдар қатысты.

Дөңгелек үстелде жат ағым­ның салдарынан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеу қажеттігі айтылып, дін өкілдері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында сала мамандары ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, өзекті сауалдарға жауап алды.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2019 г. 319 0