« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Наурыз айының 22-25 күндері аралығында Астана қаласында өтіп жатқан VII Халықаралық «Музыка весны» фестиваль-конкурсында қалалық "Өнер" мектебінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі би ансамблі бас жүлдеге ие болды.
Халықаралық «Astana stars» комитеті және Нұр - Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен биыл жетінші рет өткен байқауға Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің, Құрманғазы атындағы консерваторияның профессорлары қазылық етті.
Өнер байқауына Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның барлық аймақтарынан 30-дан аса би ұжымдары қатысып, бақтарын сынады. Олай болса, бас жүлдеге лайық деп табылған біздің аймақтың жас бишілері ерекше талант биігінен табыла білгені көрініп тұр. Бұл орайда жас өнерпаздарды шығармашылыққа баулып жүрген жетекшілері Айгүл Құттымұратова, Мәдина Әбусейіт өнерді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хатпен марапатталды.
Ғ.ӘБІЛДА.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |