Қақпа алдында кездесу

Жуырда  облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы болды.  Аталмыш шараға Қызылорда қаласы  әкімдігінің «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор орынбасары  М.Смайлов, орталық заңгері А.Адранов, әлеуметтік қызметкері Р.Нұртаева қатысты.

 Бұл жоба ҚР Президентінің  2016 жылғы 8 желтоқсанындағы  Жарлығымен бекітілген 2017-2019 жылдардағы пробация қызметінде есепте тұратын және жаза өтеу орнынан босатылатын азаматтарды әлеуметтік бейімдеу  кешенді стратегиясының негізінде құрылған.

- Жобаның негізгі мақсаты абақтыдан босанып шыққандарға әлеуметтік көмек көрсету, білім алу, жаңа өмір бастағысы келген азаматтарға моральдық, психологиялық көмек көрсету және де жеке өміріндегі құқықтарын заңды  түрде қорғауға көмектесу болып табылады. «Қақпа алдында кездесу» пилоттық жобасын өткізу барысында  мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жұмыспен қамту орталықтарының міндеттері, жастар практикасы жөнінде сотталған азаматтарға толықтай түсіндіріледі. Бас бостандығынан айырылған азаматтарға мекемеге келген күннен бастап, осы әлеуметтендіру жобасы жүзеге асырыла бастайды. Мұнда біріншіден психологтың қызметімен әр сотталған адамның жеке басын зерделеу арқылы  психокорреция жүргізіліп, жаңа ортада бейімделу кезеңінен өтуіне мүмкіндік береді.  Одан кейін сотталғанмен еңбек, құқықтық,эстетикалық, адамгершілік, физикалық және ағарту сипатындағы процестер жүзеге асырылады, – деді әділет капитаны Қанат  Дайрабаев.

       Жоба аясындағы   бұл шара жазаның өтелмеген  бөлігін неғұрлым жеңілдетілген түрге ауыстыруға жататын үш сотталғанға қатысты болғандықтан, олар бұл кездесуден өздеріне қажетті  барлық ақпаратты ала алады. Кездесу соңында мекемеден босатылып бара жатқан азаматтарға түсіндірме үн парақтары таратылды.                                                                              

 

И.ЖАҢБЫРШИЕВА,

ЗК-169/4 мекемесі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2019 г. 689 0