Ел іші – өнер кеніші

 Ел іші – өнер кеніші 2014 жылдың 13 маусымынан бастап сағат 20.00-де қалалық мәдени және демалыс паркінде Астана күніне орай «Ел іші – өнер кеніші» атты халық шығармашылығының байқауы ұйымдастырылады.  
Ата-бабаларымыздан бастау алған өнегелі өнерімізді, қазақ халқының терең ойлы шығармашылығын паш ету, танылмай жүрген таланттарды анықтау және олардың өнерін насихаттау мақсатында өткізілетін бұл шараға қалаға қарасты кент, ауылдық округтердегі көркемөнерпаздар қатысады. Ауыл-аймақтардың өнерге деген ықыласын, ұлт мәдениетіне деген ілтипатын байқататын байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Дәстүрге айналған байқау барысында ән-би, хор ұжымдары мен ансамбльдер өз өнерлерін көпшілікке ұсынатын болады.
Байқауға қатысушы елді мекен көркемөнерпаздары мына төмендегі кесте бойынша қалалық мәдени және демалыс паркінде сағат 20.00-де өз өнерлерін ортаға салық, бақ сынасады:
13 маусым күні - Тасбөгет кенті;
14 маусым күні – Қосшыңырау ауылдық округі;
20 маусым күні – Қарауылтөбе ауылдық округі;
21 маусым күні – Қызылжарма ауылдық округі;
27 маусым күні – Талсуат ауылдық округі;
28 маусым күні – Қызылөзек ауылдық округі;
1 шілде күні – Ақжарма ауылдық округі;
2 шілде күні – Ақсуат ауылдық округі;
3 шілде күні – Белкөл кенті;
5 шілде күні – Байқаудың қорытынды гала-концерті және марапаттау рәсімі.
Келіңіздер, көркемөнерпаздардың өнерін бірге тамашалайық!
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2014 г. 991 0