Конор МакГрегор спортпен қош айтысты

Ирландиялық файтер, UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор ММА-ден кеткенін мәлім етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Ей, жігіттер, жылдам хабарландыру, бүгінде аралас жекпе-жек деп аталатын спорт түрінен кетуді ұйғардым", - деп жазды спортшы Twitter желісінде. UFC аясындағы соңғы жекпе-жегінде МакГрегор ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін ресейлік спортшы ирландиялықтың командасымен сөзге келіп, кейін арты төбелеске жалғаcқан еді. Салдарынан екі файтер де спорттан уақытша шеттетілді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2019 г. 438 0