Темірхан Тебегенов «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды

Отандық әдебиеттану, түркітану ғылымдары салаларын дамытудағы, республикамыздың жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу, тәлім-тәрбие жұмыстарындағы жетістіктері үшін филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі, ҚР Қазақ ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясының академигі Темірхан Сақаұлы Тебегенов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті басшылығының шешімімен «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен» марапатталды.
Әдебиеттанушы ғалым-ұстазды Түркі Әлемінің жоғары мәртебелі марапатын алуымен құттықтаймыз!

Құттықтаушылар: ғалым-ұстаздың щәкірттері, әріптестері
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2019 г. 706 0