« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жосалы кенті орталығындағы «Этноауыл» саябағында Наурыз мерекесі аталып өтті. Аудан әкімі Сұлтан Мақашов аудан халқын мерекемен құттықтап ізгі тілегін жеткізді.
Қазақ халқының дәстүрінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің орны ерекше. Бұл күні «Этноауыл» саябағында ұлттық нақышта жабдықталған ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже таратылып, ұлттық дәстүрлерден көрініс көрсетілді.
Ата-бабадан жалғасқан салт-дәстүрлер – тойбастар, тұсау кесер, ұйқыашар, селтеткізер, құда түсу, ерулік, қыз ұзату, құйрық-бауыр тарту, бастаңғы көріністері қойылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |