АРМАН ҚАЛА

Сыр өңірінің өркендеуі мен дамуы Елбасының қолдауының нәтижесі. Жылдан жылға қаламыз гүлденіп, көркейіп келеді. Табиғаты қандай болса, тарихы да терең. Өз сөзінде Н.Н. Әбішұлы «Сыр-Алаштың анасы» деген болатын. Ақ маржанның Отаны алғашқы астана, тәуелсіз бас қалаға қарап бой түзеуде. Сол жағалаудан жаңа қала бой көтеріп, ел игіліне пайдалануда. Болашақта жаңа мекенге 150 мың адамды қоныстандыру жоспарланған.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Сыр өңіріне келген Елбасы, жастармен кездескен болатын. Сонда 7 жасар Нұрсұлтан есімді балақай астананы көргісі келетінін айтқан. Көп ұзамай арманы орындалды. Әсем қаланың сұлулығын тамашалап, зәулім ғимараттарын тамсана қарағанын балақай жасырмады. Міне, жас ұрпақ үшін астана - арман қала. Келешек жастардың қаласы. Сондықтан, «Нұр-Сұлтан» атауы құптарлық. Бұл өскелең ұрпақтың жадында сақталуы тиіс тарихи шешім. Біз Тұңғыш Елбасымыздың еліміз үшін жасаған еңбегін ұмытпауымыз керек.

Серік ӘБІЛ, 
облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының жетекшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2019 г. 387 0