«Допинг» шарасы кезінде 23 құқық бұзушылық анықталды

11-15 наурыз аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілді, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кең көлемді «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
«Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 23 құқық бұзушылықтар анықталды.
Заңсыз айналымнан 3 кг 553 г марихуанна, 20, 07 г гашиш тәркіленді.
Іс-шара  барысында облыс аумағында орналасқан 9 дәріхана тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 426 - бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 9 заң бұзушылық анықталды.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2019 г. 505 0