
Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуына маңдай терін төккен тұлға. Мемлекеттің тәуелсіздігін нықтап, шекарасын шегендеп, халықтың бейбіт өмір сүруіне жағдай жасады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстанды ғалам таныды.
Бүгінгі Қазақстанның бейнесі бөлек. Сарыарқа төсіндегі елорда – еліміздегі өзгелер үшін үлгі. Бас қаланың баянды қадамдары бәріміздің көз алдымызда.
Жаңа мемлекетті құрып, оны әлемдік қауымдастыққа танытқан, еңселі орда салған тұлғаға Халық қаһарманы атағын табыстау дұрыс шешім деп санаймын.
Елі сүйген, елі сенген тұлғаға құрмет пен қошемет толастамайды.
Асылбек ЖҰМАБАЕВ.