« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Мемлекет басшысы ел астанасын Алматыдан Арқа төсіне көшіру жөнінде бастама көтерді. Қатардағы көп облыс орталығының бірін астана етуге бел байлау – нағыз батыл шешім, батырлық. Елбасы он ойланып, жүз толғанды. Қиындық атаулыдан жасқанбайтын, тәуекел етуге тайсалмайтын ержүректілік танытты. Осылайша тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында бой көтерген Астана – ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың бірі.
Осынау 20 жылда Астана таңғажайып жетістіктерімен жаһан назарын аударғанын атап өтті. Елбасының бастамасымен Астана төрінде өткен түрлі халықаралық жиындар әлемдік деңгейдегі саяси маңызды шешімдер қабылдануына негіз болды. Еліміздің Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, дәстүрлі дін лидерлерінің Астана қаласында бас қосып, бейбітшілік пен келісім орнатудың алғы шарттарын қабылдағаны – Астананың Еуразия кеңістігіндегі ерекше ықпалды рухани орталыққа айналғанының көрінісі. Астана – ел болашағына бағытталған еңселі істері мен баянды бастамалары арқылы өзге өңірлерге үлгі бола білген бас қала.
Б.ОСПАНОВ,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ-дың оқытуышысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |