« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақтың талантты ақыны Жұбан Молдағалиев жырға қосқандай, қазақ «мың өліп, мың тірілген» халық. Бірақ, осы халықтың дәл бүгінгідей атағы аспандап, абыройы асқақтап көрген емес. Халқымызға осы атақ пен биік абыройды алып берген ұлты үшін туған кемеңгер, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тұңғыш Президентіміздің қазақ халқы алдында сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оны өз еліміздегі де, сырт жұрттағы да небір саясаткерлер талай мәрте тамсана айтты, таңдана жазды. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында қазақ мемлекеті гүлденіп, өркендеп, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналды.
Бұндай ұлан-ғайыр істерді тәуелсіздік алған 28 жылда бірде-бір мемлекет атқара алған жоқ. Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері мен өркенді табыстары барша қазақстандықтарды мақтаныш сезіміне бөлеп, өзге елдердің үлкен қызығушылығын туғызуда. Бұл ұлт көшбасшысының ерен еңбегі, халқы үшін аянбай төккен тердің жемісі.Ендеше, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың атын да, атағын да әлемнің биігіне көтерген Адам. Ол қандай құрметке де лайықты.
Амангелді ДӘРМЕНБАЕВ,
Қызылорда қаласының тұрғыны.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |