Мекемедегі мерекелік кездесу

Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің ұйымдастыруымен  Наурыз мерекесіне орай «Ашық есік» күні өтті. Мұнда сотталғандардың ата-анасы мен бауырлары, туыстары да қатысты. 

Шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында оң мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында тәрбиелік жұмыстарды жиі өткізу. Темір торда жазасын өтеушілерге психологиялық, тәрбиелік, ертерек бостандыққа шығуына және қайталап қылмыс жасамауына осындай  маңызды кездесулер өз көмегін көп беруде. Әрі бұл кездесу мемлекеттік органдардың ашықтығы сақтауға, сондай-ақ азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

Салтанатты жиында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Р.Тілеумұратов сөз сөйлеп, мерекелік тілегін жеткізді. Жазасын өтеуші азаматтардың ата-ана мен туыстары мекеме әкімшілігіне өз алғысын білдірді.

Кездесу соңы облыстық филармония әншілерінің концертіне ұласты.

 

  А.Битаева,

 ҚАЖ департаменті

ЗК-169/1 мекемесінің мемлекеттік 

тілде аудармашысы .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2019 г. 390 0