Жеңімпаз - "Зенит-2" командасы

«Евразия» СК жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтті.

Биыл жиырма үшінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Байқоңыр қаласы, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 20 команда қатысты.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық «Зенит-2» командасы бірінші орынды иеленді.
Олар финалда «Зенит-1» командасын 10:8 есебімен ұтты.

Үшінші орынды «Азамат», төртінші орынды байқоңырлық «Жігіттер» командалары еншіледі.
Айта кетейік, жүлделі 1-3 орындарды Қызылорда облысының командалары еншіледі.

«Үздік қорғаушы» - Алмаз Бекен ("Зенит-1" командасы),
«Үздік қақпашы» - Данияр Жұбатов ("Жігіттер" командасы),
«Үздік шабуылшы» - Феруз Фахреддинов («Азамат» командасы),
«Үздік сұрмерген» - Даврон Чориев («Зенит-2» командасы),
«Үздік ойыншы» - Жасур Садиков («Зенит-2» командасы) марапатталды.

Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына ақшалай сыйлықтар, медаль, кубок, алғыс хаттар берілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2019 г. 334 0