Қызылордада муай тайдан Қазақстан кубогы өтеді

Ертең "Евразия" СК-де жасөспірімдер арасында муай тайдан ҚР кубогы басталады. 
Облыста алғашқы рет ұйымдастырылатын жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және облыс орталықтарынан спортшылар қатысады.  Жарыста 10-11 және 12-13 жас аралығындағы спортшылар 44 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салады. 
Ел кубогы төрт күнге созылады. Ақтық сайыс наурыздың 22-не болады. Кіру тегін.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2019 г. 265 0