Жүрек жылуын сыйлаған күн

Өнерлі жеткіншектерді қолдап, рухани жігер сыйлау. Бұл – «ВІ Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің басты мақсаты. 14 жылдық тарихы бар сайыстың облыстық кезеңі биыл да өз биігінде өтті. Шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова қатысып, өнерпаз балаларға сәттілік тіледі.

– Игі шара осы уақытқа дейін қаншама мүмкіндігі шектеулі баланың талантын танытты. Келешекке деген сенімін арттырып, қамыққан көңілді қайта түлетті. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған байқауда тағы 95-ке жуық бала бақ сынамақ. Барлықтарыңызға сәттілік тілей­міз, шығармашылықтарыңыз шың­дала берсін! – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Байқау барысында қа­тысу­шылар ән, би жанры бойынша өнерін ортаға салды. Қолдарынан шыққан әсем бұйымдарға таңданбау мүмкін емес. Қазылар алқасына да жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Себебі, байқауға қатысқан әрбір баланың талабы таудай. Шетінен өнерлі, қабілеті қарымды. Сайыс қорытындысында жүйріктер сахна төріне шақырылды. Оларға арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Олжалы атанғандар 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай Астанада өтетін мерекелік шараға жолдама алды.

Мөлдір Қалымбет.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2019 г. 763 0