Нұрлан Ермекбаев пен Кәрім Мәсімов генерал-майор атағын алды

Ақорда ҚР Президентінің Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 


Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: генерал-майор әскери атағы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа;


Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін.


Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 18 наурыз №877


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2019 г. 535 0