Жасөспірімдердің ішкілікке үйірсектігі тыйылмай тұр

Жасөспірімдердің ішкілікке үйірсектігі тыйылмай тұрЖасөспірімдер мен 18 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдік ішуге тыйым салынғанымен, келеңсіз жағдай тыйылмай келеді. Кәмелетке толмағандардың алкогольді ішімдік ішуі ата-ананың баланы бақылаусыз қалдыруы салдарынан болатыны анық.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 336 бабы 1-1 бөлігімен Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінен азаматшалар Н. және С-ға қатысты  әкімшілік істер түсіп қаралып, аяқталды.
Істің мән жайына сәйкес құқық бұзушылар Н. мен С-ның тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған ұлдары Қ. және С. 5 наурыз 2014 жылы  Қызылорда  қаласы, Қазыбек би көшесінің бойында, яғни сыра алкогольдік ішімдігін қоғамдық орында ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде жүрген.
Сотта  құқық бұзушылар ұлдарының алкогольдік ішімдігін ішкенін, содан полиция қызметкерлеріне ұсталғанын, кінәсін мойындайтындарын, алдағы уақытта қайталанбайтынын, балаларының тәрбиесін қадағалауға алатындарын көрсеткен.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен  құқық бұзушы Н. және С. ҚР ӘҚБтК 336 бабы 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, әр қайсысына 1852 теңге көлемінде айыппұл салынды.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2014 г. 869 0