« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Наурыз айы шуақты мерекелерге толы. Айдың басы Алғыс айтумен басталып, аналар мерекесіне ұласты. Ал алда жыл басы Наурыз мерекесін тойлаймыз.
Шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні облыстық филармония ұжымының ұйымдастыруымен «Әлем. Мейірім. Ана.» атты мерекелік концерті өтті. Кеште ана тақырыбында түрлі әндер шырқалып, Еркеғали Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсынан үзінді орындалды. Тұрмағамбет оркестрі мен «Томирис» би ансамблі мерекелік кештің көркін қыздыра түсті. Концертте «Сыр сандуғаштары» вокалды балалар тобы мен А.Наукеева бірігіп орындаған «Мама – первое слова» әні де көпшілікті тебірентпей қоймады. Сонымен қатар, концертте жыршылар А.Ноғайбаева, Ш.Бимбетова, К.Түрікпен, М.Сәрсенбаева, жеке орындаушылар Ү.Медеуова, Б.Молдабергенов, Р.Үсенов, О.Нұралиев, Б.Найманов, Д.Есентеміров және классикалық орындаушылар Ж.Жүсіпов, С.Байсеитова, Ғ.Бекмұрзаев т.б өнер иелері жиылған ару-аналарымызға бар өнерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар шара соңында ақ жаулықты әжелер, көпбалалы аналар мен ару қыздарды құттықтап, дендеріне саулық, жанұяларына береке-бірлік тіледі. Аймақ өнерпаздарының нәзік жандарға арналған мерекелік концертіне көпшілік те риза. Концертке келген аналар өнер ұжымына ризашылықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.
«СБ» ақпарат.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |